Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Бөрлі ауылы, Садовая көш. 93
қазақша орысша
Государственное коммунальное казенное предприятие БУРЛИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ Управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының БӨРЛІ КОЛЛЕДЖІ
мемлекеттік коммуналды қазыналық кәсіпорны

Әлеуметтік әріптестік

Ағымдағы жылдар бойы түлектердің барлығы да жұмысқа орналасады. «Электрмен қамтамасыз ету» және «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтары бойынша жақсы көрсеткіштер көрінуде.

Бірлесе іс-әрекетті бағдарлау үшін әлеуметтік серіктестіктермен жиі кездесулер өтеді, кәсіпорындардың өндірістік базаларын ескере отырып тәжірибе бағдарламалары түзетіледі. Әлеуметтік серіктестіктер ГЭК төрағалары болып, КДДБ (ОУПП) тәжірибелік емтиханына қатысады.

Колледж шараларының, кәсіптік апталықтардың қатысушылары, мамандарды шығарған кезде қатысып отырады. Бұл байланыс тұрақты және жүйелі.

Мамандықтарына сәйкес облыс және аудан ұйымдарының шақыруымен оқушылар өндірістік тәжірибеге кеңінен жіберіледі. Әдетте жіберілген кәсіпорынға түлектер жұмысқа орналасады.

Оқу озаттары КПО компаниясында іс-тәжірибелік оқуларын жалғастырады (КНГКМ операторлары). Материалдық-техникалық базаны нығайтуда КПО б.в. компаниясы демеушілік көмегін тигізіп отырады.

Сонымен қатар басқа оқу орындарымен ұйымдастырылатын ғылыми-тәжірибелік конференцияларға «Бөрлі колледжі» МКҚК белсене қатысып, басқа оқу орындарының әріптестерін шақыра отырып ұйымдастырады. Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру бойынша пікір және тәжірибе алмасып отырады.

«Бқрлі колледжі» МКҚК әлеуметтік серіктестіктермен және жұмыс берушілермен тығыз байланыста. КПО б.в., «Конденсат» АҚ, АО «БатҚазЭлектр желілерін таратушы компаниясы» АҚ, «Транспортник» ЖШС, «БТА-Банк» АҚ Ақсай филиалы, Халық банк Ақсай филиалы, «Ақсай КХП» ЖШС, «Бөрлі-Астык» ЖШС.