Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Бөрлі ауылы, Садовая көш. 93
қазақша орысша
Государственное коммунальное казенное предприятие БУРЛИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ Управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының БӨРЛІ КОЛЛЕДЖІ
мемлекеттік коммуналды қазыналық кәсіпорны

Колледж туралы

«Ауылшаруашылық колледжі» МКҚК

«Бөрлі колледжі» МКҚК Орал ауыл шаруашылығын механизациялау техникумының базасында негізі қаланды.

Орал ауыл шаруашылығын механизациялау техникумы КСРО Министрлер Кеңесінің 1950 жылдың 15 желтоқсанындағы № 4943 тапсырмасымен 1952 жылдың 27 қыркүйегінде Қазақстан КП(б) ОК Министрлер Кеңесінің № 918 Қаулысы бойынша ұйымдастырылды. Қаулыда: «1952 жылы Орал қаласында ауыл шаруашылығын механизациялау техникумы ұйымдастырылсын. 1953-1954 оқу жылының оқушыларды бірінші курсқа қабылдау контингенті 120 адам деп бекітілсін. Соның ішінде: «Ауыл шаруашылығын механизациялау» бөліміне – 60 адам, «Ауыл шаруашылығын механизациялау мен электрофикациялау» бөліміне – 60 адам» - деп көрсетілген.

Батыс Қазақстан облысы еңбекші депутаттар Кеңесі Орындау Комитетінің 1952 жылдың 18 қарашасындағы № 764 шешімі бойынша Орал ауыл шаруашылығын механизациялау мектебінің қолданысындағы жерден техникумге 200 га жер берілді.

Қазақстан КП ОК Қаулысы және ҚазССР Министрлер Кеңесінің 1963 жылдың 19 шілдесіндегі № 571 шешімі бойынша техникум Орал қаласынан Бөрлі ауылына көшірілсе, Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 8 мамырындағы Қаулысымен Орал ауыл шаруашылығын механизациялау техникумы деген атауы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі болып өзгертілді (1997 жылдың 21 маусымындағы заңды тұлғаны қаута мемлекеттік тірке туралы 1309-1926-У-е куәлігі).

1999 жылдың 10 мамырында (3059-1926 мемлекеттік қайта тіркеу) атауы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінен атауы Батыс Қазақстан облыстық Білім басқармасының «Ауылшаруашылық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді. Ал 2010 жылдың 21 мамырында қайта мемлекеттік тіркеуден өтіп (№167-1926-03), атауы БҚО Әкімдігі Білім басқармасының «Ауылшаруашылық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді.

Алпыс жылдан астам тарихы бар колледж (техникум) қызметінде ауданымызбен қатар облысқа танымал: Фомин Петр Семенович, Кульпин Павел Иванович, Джумашев Баян Куттужолович, Попов Иван Федорович (1966-1972), Кравченко Александр Филипович (1972-1987), Борников Михаил Александрович (1988-1997), Малуша Вячеслав Викторович (1997-2000), Сексембаев Серик Жуматаевич (2000-2002), Хасанов Файзулла Файзуллович(2002-2004),  Өтемұратов Мұрат Жолтайұлы (2005-2020) сияқты тұлғалар жетекшілік етті.  Бүгінгі таңда колледжіміздің директоры – Капанова Назгуль Жеткеновна.

Батыс-Қазақстан облысы әкімшілігінің 2017 жылғы 22 маусымындағы №185 қаулысы негізінде Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Ауылшаруашылық коледжі» мемлекеттік коммуналдық  қазыналық кәсіпорны Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Бөрлі колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны атауына ауыстырылды.

«Бөрлі колледжі» МКҚК қазіргі таңда мемлекеттік және орыс тілдерінде келесі бағыттар бойынша мамандар даярлайды:

  • «Мұнай мен газды қайта өңдеу технологиясы»
  • «Автокөлікке техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»;
  • «Өндірістік кәсіпорындарды электр қуатымен қамту»;
  • «Орман шаруашылығы»;
  • «Банк және сақтандыру ісі»;
  •  «Есеп және аудит» 

Колледж сондай-ақ электромонтажшыларды, автомобиль жабдықтарын жөндеу жөніндегі электриктерді, автомобиль көлігін жөндеу жөніндегі шеберлерді, автомобиль жөндеу жөніндегі слесарьларды, "В" санатындағы жүргізуші курстарын, технологиялық қондырғылар операторларын, көгалдандыру жөніндегі шеберлерді дайындайды.

Колледжде оқыту ісі педагогика ғылымдарының заманауи әдіс-тәжірибелерін қолдана отырып жүргізіледі. Бірқатар мамандықтар сырттай оқыту бөлімінде де оқытылады.  Оқу орны жұмыс істеген уақытта күндізгі және сырттай бөлімдерде мамандар даярлау шамамен 20 000 адамды құрады.  Колледждегі оқыту жұмысы 79 адамнан тұратын оқытушылар мен зертханашылар ұжымы және оқу-көмекші қызметкерлер арқылы жүргізіледі. Оқу орны 25 оқу кабинеті және 8 компьютер сыныбынан тұрады.

Колледж ғаламтор желісіне қосылған, интерактивтік және мультимедиялық құралдармен жабдықталған. Жер серіктік білім беру арналары арқылы қашықтықтан оқыту түрлерін қолдану тәжірибесі жүргізілуде.

Оқу орында әртүрлі деңгейде спорттық жарыстар, демалыс кештері, т.б қызықты іс-шаралар өткізіледі. Оқушылардың рухани дамуы үшін мәжіліс залы, кітапхана мен оқырмандар залы, спорт залы, сонымен қатар 360 орындық жатақхана да бар.