Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Бөрлі ауылы, Садовая көш. 93
қазақша орысша
Государственное коммунальное казенное предприятие БУРЛИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ Управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының БӨРЛІ КОЛЛЕДЖІ
мемлекеттік коммуналды қазыналық кәсіпорны

Миссия

Таңдалған кәсіптік саласында алдыңғы қатарлы, қазіргі заманғы ғаламдық үдерістеріне сайма-сай ілтипат білдіре алатын, бәсекелес маман дайындау колледждің миссиясы болып келеді.

Колледж миссиясының қағидалық ерекшеліктері еңбек нарығында сұранысқа ие және бәсекелестікке қабілетті маман дайындауды қамтамасыз ететін білім беру және ғылым аясында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, елдің қарқынды инновациялық индустриалдық дамуының мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру.

«Бөрлі колледжі» МКҚК жас ұрпаққа тек қана кәсіптік білім бере қоймай, қазіргі заманғы әлеуметтік құндылықтар әлемінде тез бағыт-бағдар табуға қолдау көрсетеді. Ұлттық білім беруді дамыту, өз елінің патриотын тәрбиелеу колледждің миссиясы болып табылады.

Осы мақсатпен біздер мақсаттылық басымдылықты орнаттық – болашақ маманды сапалы түрде дайындау, ҚР бизнес, экономика және білім беру ұйымдарының мүдделерін біріктіру.

Негізгі мақсат:

Педагогтердің шығармашылық әлеуеттерін дамыту арқылы колледждегі оқу-білім беру және тәрбие үрдісін жетілдіру, инновациялық технологияларды қолданып оқыту, менеджмент жүйесін, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті білікті, өз мамандығын әлемдік стандартар деңгейінде жетік білетін мамандарды дайындау сапасын жетілдіру.

Міндеттер:

  • «Білім туралы» Заңын, ҚР Үкіметінің шешімдерін, нормативті құжаттарын, білім беру басқармасының бұйрықтарын және ұсынымдарын зерттеу және жүзеге асыру; ;
  • колледждегі педагогикалық үдерістің қызмет етуі және дамуы мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сай келуіне жету;
  • колледждің тұрғылықты оқу-тәрбие іс-әрекетінің біртұтастығын қамтамасыз ету;
  • жалпы колледждің әдістемелік тақырыбымен шығармашыл ұжымдық жұмыстануды ұйымдастыру, тақырыбы: «Оқу үрдісіне инновациялық технологияларды енгізу бәсекеге қабілетті маман даярлаудағы негізгі фактор»;
  • ҚР еңбек нарығының, экономиканың даму сұранысын ескере отырып орта буынды маманды даярлауда қазіргі заманғы сапамен қамтамсыз ету;
  • білім беру және тәрбие үрдісін қажетті оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ету;
  • жаңа буынды УМК, оқулықтардың, бағдарламалардың авторлық шығармашыл тобын құру;
  • оқытушылардың өздігінен білім алу жүйесін дамыту;
  • оқытушылық тәлімгерліктің жүйесін жетілдіру;
  • өзін-өзі басқару жүйесін дамыту арқылы білім алушыларды оқу-тәрбие үрдісін жақсарту үшін тарту.