Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Бөрлі ауылы, Садовая көш. 93
қазақша орысша
Государственное коммунальное казенное предприятие БУРЛИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ Управления образования акимата Западно-Казахстанской области

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының БӨРЛІ КОЛЛЕДЖІ

мемлекеттік коммуналды қазыналық кәсіпорны

Әкімшіліктің үндеуі

Колледж миссиясының қағидалық ерекшеліктері еңбек нарығында сұранысқа ие және бәсекелестікке қабілетті маман дайындауды қамтамасыз ететін білім беру және ғылым аясында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, елдің қарқынды инновациялық индустриалдық дамуының мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру.

«Бөрлі колледжі» МКҚК жас ұрпаққа тек қана кәсіптік білім бере қоймай, қазіргі заманғы әлеуметтік құндылықтар әлемінде тез бағыт-бағдар табуға қолдау көрсетеді. Ұлттық білім беруді дамыту, өз елінің патриотын тәрбиелеу колледждің миссиясы болып табылады.

Осы мақсатпен біздер мақсаттылық басымдылықты орнаттық – болашақ маманды сапалы түрде дайындау, ҚР бизнес, экономика және білім беру ұйымдарының мүдделерін біріктіру.

«Бөрлі колледжі» МКҚК

«Бөрлі колледжі» МКҚК Орал ауыл шаруашылығын механизациялау техникумының базасында негізі қаланды.

Орал ауыл шаруашылығын механизациялау техникумы КСРО Министрлер Кеңесінің 1950 жылдың 15 желтоқсанындағы № 4943 тапсырмасымен 1952 жылдың 27 қыркүйегінде Қазақстан КП(б) ОК Министрлер Кеңесінің № 918 Қаулысы бойынша ұйымдастырылды. Қаулыда: «1952 жылы Орал қаласында ауыл шаруашылығын механизациялау техникумы ұйымдастырылсын. 1953-1954 оқу жылының оқушыларды бірінші курсқа қабылдау контингенті 120 адам деп бекітілсін. Соның ішінде: «Ауыл шаруашылығын механизациялау» бөліміне – 60 адам, «Ауыл шаруашылығын механизациялау мен электрофикациялау» бөліміне – 60 адам» - деп көрсетілген.

Батыс Қазақстан облысы еңбекші депутаттар Кеңесі Орындау Комитетінің 1952 жылдың 18 қарашасындағы № 764 шешімі бойынша Орал ауыл шаруашылығын механизациялау мектебінің қолднысындағы жерден техникумге 200 га жер берілді.

толығырақ...

Фотогалерея

Оқу-тәжірибелік шаруашылық

Оқушыларды ауылшаруашылықтың қазіргі заманғы технологияларына үйрету үшін 2011 жылдан бастап оқу – тәжірибелік шаруашылық қалпына келтірілді.

Ол мақсаттар үшін сәйкесінше техника сатып алынды: екі жаңа МТЗ тракторы, көкөністі өсіру үшін ауылшаруашылық мәшинелері, картопотырғызғыш, картопқазғыш, бүркуіш, культиваторлар. Тамшылап суару жабдығы алынды. Аталғанның барлығы да қолданылып келеді.

Дақылды егуден бастап өнімді жинаумен бітетін үдеріске білім алушылар белсене қатысады. Техниканы дайындап, жинақтайды, келтіреді. Өнімді өсіру техникамен жүзеге асырылады. Тыңайтқыштар кеңінен қолданылып, өсімдіктерді қорғау құралдары қолданылады. Бұл тәжірибеде әр түрлі дағдыларға және тәсілдерге оқушыларды үйретеді.

2013 жылы азықты табу бригадасы құрылды, сәйкесінше техника сатып алынды, шапқыш, тырнауыш, орамды басқыш-жинағыш. Білім алушылар жаңа үлгідегі техникада дағдыларын жетілдіреді.

2га аумағы бар жеміс бағында әр түрлі ормантехникалық жұмыстар жүзеге асырылады.

ОТШ дамуы қазіргі заманғы технологияларға оқытуға мүмкіндік бермей ғана, оқушылардың азығына қолданылатын көкөністің өнімін алуға мүмкіндігін береді. Артық қалған өнім колледж қызметкерлеріне нарықтағы бағалардан төмен бағамен сатылады.